Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"27 жыл жасырынып жүрген": Қазақстан азаматын өлтірді деген күдікті Бельгиядан экстрадицияланды (видео)

Опубликовано:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

Кісі өлтіріп, ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікті азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Қылмыс 1997 жылы жасалған, деп хабарлайды Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы ПД басшысы Арыстанғали Заппаровтың Facebook желісінде хабарлауынша, Новосибирск қаласында отандасын ұрлап, өлтірген. Сондай-ақ кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен күдікті – 63 жастағы қазақстандық Бельгиядан Алматыға жеткізілді.

Қаскөйлер бұл ауыр қылмысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды.

Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қалалық ПД астығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы қылмыс жасағаны үшін жауапқа тарту үшін жақында Ресейден экстрадицияланған болатын. Ер адам 2023 жылдың қаңтарында Шымкентте алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның құрамында адам өлтірді деген күдікке ілінген.

Наурызда 19 миллион теңге алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан Қазақстанға қайтарылды. Тағы бір жағдайда халықаралық іздеуде жүрген азамат Украинадан экстрадицияланды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111370-27-zhyl-zhasyrynyp-zhurgen-qazaqstan-azamatyn-oltirdi-degen-kudikti-belgiiadan-ekstraditsiialandy-video/