Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызай" фестивалі ерекше балалардың талантын ашты

Опубликовано:

"Жұлдызай" фестивалі
Фото: Жұлдызай

Жаздың алғашқы күні дәстүрге сай Астанада ерекше балаларға арналған "Жұлдызай" шығармашылық фестивалімен ашылды. 19 жыл ішінде бұл шараның ауқымы кеңейіп, ерекше қажеттіліктері бар жас таланттардың өнерін шыңдайтын республикалық деңгейдегі бірден бір алаңға айналды.

Іріктеу турларына өңірлік жалпы білім беретін мектептер мен оқу мектеп-интернаттардан, сондай-ақ түзету кабинеттерінен арнайы даярлығы бар 10 000 нан астам оқушы қатысты.

Ақтық турға 600 бала қатысты, олардың 250-і вокал, хореография, аспаптық және ым-ишаратпен орындау номинациялары бойынша лауреаттар атанды. Атап айтқанда осы жеңімпаздар Астананың үлкен сахнасындағы керемет Гала-концертте өнер көрсетті.

"Жұлдызай" фестивалі
Фото: Жұлдызай

Гран-При иегері фестиваль сайтында жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықталды. Биыл Қазақстан халқы бұл шараға бей-жай қарамай, белсенділік танытып, дауыс беруге 50 000 адам қатысып, көпшілік дауыспен көрермендердің зор ықыласына бөленген Қызылорда облысының "Іңкәр" ым-ишаратпен орындау тобы жеңіске жетті.

"Биыл біздің Қордың құрылғанына 20 жыл болды, соның ішінде 19 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау және олардың қоғамдық өмірге белсенді бейімделуі үшін жағдай жасау мақсатында аталған шығармашылық фестивалды өткізіп келеміз. Осы уақыт ішінде фестиваль ерекше балалар үшін нағыз мерекеге айналды. Мұнда балалар бойындағы таланттары мен айрықша қабілеттерін шыңдап, өздерін ортада еркін сезініп, құрдастарымен танысады және қазақстандық эстрада әртістерімен бір сахнада нағыз жұлдыздар секілді өнер көрсетеді", - деді "BI- Жұлдызай" қорының директоры Гүлхан Исабаева.

"Жұлдызай" фестивалі
Фото: Жұлдызай

Концертке Қазақстандық эстрада жұлдыздары: Жұбаныш Жексен, Балжан Бидаш, Рукия Байдукенова, Расул Жармағамбетов, Назым Сағынтай және Қайрат Мырзаханов қатысты.

Сондай-ақ, фестиваль аясында қатысушылар үшін елордаға түрлі экскурсиялар ұйымдастырылып, шоу-бағдарламалар мен дискотека өткізілді.

"Жұлдызай" фестивалі
Фото: Жұлдызай

"Жұлдызай" - біздің балаларымыздың өзіне деген сенімділігі артып, шыңдалатын орын. Олар бұл мерекені асыға күтеді. Жыл сайын фестивальге келгендегі бір апта өте қауырт және қызыққа толы өтеді. Фестивальден кейінгі аз-кем демалыстан соң балалар келесі жылға дайындықты бастап, жаңа композицияларды үйретуді сұрай бастайды. Фестивальге тек қан өрлеу, тың идеялар тілейміз", - деп балалардың жетекшілері өз ойларымен бөлісті.

"Жұлдызай" фестивалі
Фото: Жұлдызай

Фестивальдің ұйымдастырушылары "BI-Жұлдызай" корпоративтік қоры, бас серіктес - BI Group құрылыс холдингі. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Фестивальдің басты ақпараттық серіктесі - тікелей эфирінде Гала-концерт көрсетілген "Хабар" телеарнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111430-zhuldyzai-festivali-erekshe-balalardyng-talantyn-ashty/