jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодардағы мекеме маңында тұрған көліктен қару табылды

    Қару
    Қару. Көрнекі сурет: Jose A. Bernat Bacete / Getty Images

    Павлодарда полицейлер тоқтап тұрған көліктің жүксалғышынан аңшы мылтығын тапты. Ол сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, демалыс күндері Павлодар облысында мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Атап айтқанда, полицейлер қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 130 фактісін, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 49 заңсыз әрекетті, тыныштықты бұзудың 69 фактісін және 23 ұсақ бұзақылықты анықтады.

    Жолдарда белгіленген жылдамдықтан 360, көлікті мас күйінде басқарудың 8 дерегі тіркелді.

    "Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында 1 маусымнан бастап облыста "Құқықтық тәртіп"республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды", - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов а

    Шара барысында 291 қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

    "Мысалы, таңертеңгі сағат 05.25-те мекеменің бірінің жанынан полиция қызметкерлері Hyundai Grand Starex автокөлігінің жүк салғышынан ИЖ-К маркалы тегіс ұңғылы бір ауызды аңшы мылтығын тауып алып, тәркілеген. Айманов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында павлодарлық тұрғыннанValtro Combat маркалы газ тапаншасы тәркіленді", - деп хабарлады облыстық ПД.

    Жедел-профилактикалық шара Павлодар облысында 10 маусымға дейін жалғасады.

    Бұған дейін Алматы облысында үш қару-жарақ қоймасы табылған болатын. Төрт Калашников автоматы мен үш оқпан, бір Макаров тапаншасы, бір карабин, аңшы мылтығы, әртүрлі калибрлі 65 патрон тәркіленді.

    Ал Ақмола облысындағы Біржан сал деген жерде ауыл тұрғыны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтарды үйінде сақтаған. Полиция қызметкерлері 1941 жылғы Шпагин жүйесінің автоматын тәркілеп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберді.

    Павлодардағы мекеме маңында тұрған көліктен қару табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.