jitsu gif
Саясат

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Ербол Ізбергенов
    Ербол Ізбергенов. Фото: mangystaumedia.kz/kk

    Бүгін, 3 маусымда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды.

    Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-құрылысшы. “Іскерлік басқару” магистрі.

    Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясы құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.

    Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

    Сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен.

    2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" Арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.

    2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.