Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KMF микроқаржы ұйымы акционерлік қоғамға айналды

Опубликовано:

KMF
Фото: KMF

"KMF (КМФ) "Микроқаржылық ұйымы" ЖШС "KMF (КМФ) "Микроқаржылық ұйымы" акционерлік қоғамы болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

Заңды тұлғаның өзгеруі компанияның қызметіне әсер етпейді, кредиторлар, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өзгеріссіз қалады. Деректемелер, соның ішінде банктік және бас кеңсенің орналасқан жері бұрынғыдай болады.

Акционерлік қоғам болу KMF-ке Қазақстанда кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына бағытталған өз стратегиясын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.

KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов: "Компаниямыздың акционерлік қоғамға айналуы – бұл біздің тарихымыздағы маңызды белес, біз оған мақсатты және дәйекті түрде аяқ бастық. Бұл қадам біздің тұрақты даму мен өсуге деген ұмтылысымызды білдіреді және шағын кәсіп иелеріне бұрынғыдан да тиімді қолдау көрсетуге, оларға инновациялық қаржылық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің миссиямыз өзгеріссіз қалады - микробизнесті дамыту арқылы экономиканың өсуіне және Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің жақсаруына ықпал ету", - деді.

Компания туралы анықтама:

KMF — Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалы және 120 сауда нүктесі бар.

*Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111529-kmf-mikroqarzhy-uiymy-aktsionerlik-qogamga-ainaldy/