Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы. Көрнекі сурет: Chesnot/Getty Images

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Францияға Олимпиада ойындарына барғысы келетін қазақстандықтарға кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Олимпиадаға баратын азаматтарымызға ақыл-кеңес бергім келеді, себебі мұнда өте көп адам ағылатындықтан, жергілікті билік қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Олардың талаптарын мүлтіксіз орындау қажет", - деп кеңес берді Айбек Смадияров.

Бұл ретте ол ең алдымен өз қауіпсіздігіңізді ойлап, қандай да бір форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстанның Париждегі елшілігіне дереу хабарласуға кеңес береді.

"Біз көмектесеміз", - деп сендірді СІМ ресми өкілі.

Олимпиада ойындарының ресми сайтында 2024 жылғы жазғы олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді (командалық спорт түрлерінен кейбір жарыстар Олимпиаданың ашылу салтанатына дейін өтеді) делінген. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында спорттың 32 түрі бар.

Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда өткізілмейтіні атап өтілді. Спортшылар шеруі Сенаның бойында өтеді, оның бойымен әр делегация жеке қайықпен жүреді. Салтанатты шараны теледидар немесе интернет арқылы тамашалайтын көрермендер спортшыларды жақыннан көре алатындай барлық командалық кеме камералармен жабдықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111610-parizhdegi-olimpiada-sim-frantsiiaga-baratyn-qazaqstandyqtarga-qauipsizdikke-qatysty-kenges-berdi/