jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Мүлдем тұруға келмейді": ақтөбелік үлескерлер жаңа берілген үйдегі құрылыс сапасы сын көтермейтінін айтты (видео)

Жаңадан салынған тұрғын үй
Жаңадан салынған тұрғын үй. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде үлескерлер екі жыл күтіп, ақыры еш жағдай жасалмаған үйге көшірілді. Компания бұған бұрынғы басшыларды кінәлап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

2022 жылы 80 отбасы жаңа пәтерге көшуге тиіс болатын. Бірақ әр жолы компания түрлі сылтаумен тұрғын үй кешенін пайдалануға беруді кешіктіріп отырған. Тағы бір жанжалдан кейін тұрғындарға көшуге мүмкіндік берілді. Бірақ көпқабатты үйде жұмыстың тең жартысы әлі бітпеген.

"Үй әлі тапсырылған жоқ. Кілтті бір ай бұрын ғана жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін берді. Әлі де істейтін іс көп. Газ орнатылмаған, подъезд, жертөле және т.б. Жалпы айтқанда, газ тартылмағандықтан, пәтерде тұруға еш жағдай жоқ", - дейді тұрғын Гүлфариза Борамбаева.

"Миллениум" тұрғын үй кешенінің алғашқы екі ғимараты өткен жылы пайдалануға берілді. Бірақ тұрғындар құрылыс сапасына наразы. Олардың айтуынша, жертөлені су басқан, үйлердің арасында жарықтар пайда болған. Үшінші ғимараттың құжаттары әлі дайын емес. Бірақ уәде етілген пәтерлерді күтуден шаршаған үлескерлер жанжал шығарғандықтан, компания оларға кілтті берген.

Учаскеде аяқталмаған жұмыстар көп: кіреберістердің ішкі әрлеуі, абаттандыру, газдандыру.

Компания өкілдері жаздың соңына дейін олқылық толлығымен жойылатынына айтып, уәде беріп отыр. Сөзінше, үйді дер кезінде тапсырмауға бұрынғы басшылықтың ақшасыз қалдыруы себеп болған.

"Аса ірі мөлшерде ұрлық жасалды. Қомақты қаржы. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соның салдарынан компания жылдамдығын жоғалтып, уақытында үйді тапсыра алмай қалды.

Әрине, барлық мерзімдерден артта қалған кезде қаражат көп жұмсалады, яғни арнайы техниканы жалға алу, жалақы, т.б.", - деді" Маяк ЛТД" компаниясының құрылтайшысы Серік Капетов.

Дереккөз: КТК

"Мүлдем тұруға келмейді": ақтөбелік үлескерлер жаңа берілген үйдегі құрылыс сапасы сын көтермейтінін айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.