Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқар Құлыбаев компаниясының меншігінде болған": құны $66 млн болатын мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Опубликовано:

Мұнай құбыры
Мұнай құбыры. Көрнекі фото: Antoine Gyori / AGP / Corbis / Getty Images

Ақтауда ауданы 134 гектар аумақты алып жатқан мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мемлекет меншігіне қайтарылған мұнай терминалы Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Оның құны – 66 млн АҚШ доллары, ауданы – 134 гектар.

Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

"2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.

2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111811-asqar-qulybaev-kompaniiasynyng-menshiginde-bolgan-quny-66-mln-bolatyn-munai-terminaly-memleket-menshigine-qaitaryldy/