Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Берденов зәулім ғимараттың төбесінде суперқаҺарман образын сомдаған видеосына пікір білдірді

Опубликовано:

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов отандық видеограф түсірген роликтің қаһарманына айналды. Видеодан депутаттың елордадағы ең зәулім ғимарат – Абу-Даби плазаның төбесінде суперқаһарман образында тұрғанын көреміз. Осыған орай агенттік тілшісі депутатқа хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысты, деп хабарлайды Kazinform.

Роликтің әлеуметтік желіде жарияланғанына санаулы ғана уақыт өтсе де, біршама адап көріп, пікір қалдырып үлгерген. Тіпті депутаттың бұл әрекетіне таңдасынын білдіріп жатқандар да бар.

Желі қолданушылары депутат осы әрекеті арқылы букмекерлік кеңселермен және лудоманиямен күреске бел шеше кірісті деген ойда.

Депутат қазір бейнеролик монтаждалып жатқанын айтқан..

"Бұл – әлеуметтік роликтің бөлігі. Қазіргі уақытта монтаждау жүріп жатыр. Дайын болған кезде өздеріңіз де көресіздер. Мен жеткілікті ақпарат бердім", - деп жауап берген Руслан Берденов.

Осыдан кейін агенттік тілшісі ролик авторы және әзірге атауы белгісіз болып тұрған әлеуметтік жобаның идеялық көмекшісі – видеограф Әділет Рахметуллаға хабарласып, пікірін сұраған.

"Біз әлеуметтік ролик түсіреміз. Бұл видеоны қызығушылық ояту мақсатында түсірдік. Ал қалғанын соңында көресіздер", - деді блогер. 

Депутат та, видеограф та роликтің тақырыбы, мазмұны жөніндегі құпияны ашудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111865-deputat-berdenov-zaulim-gimarattyng-tobesinde-superqaharman-obrazyn-somdagan-videosyna-pikir-bildirdi/