jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Астанада көпір арқылы өтетін көлік қозғалысы 1 шілдеге дейін жабылады

Жол белгісі.
Жол белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елорда тұрғындары мен қонақтарына жол жабылатыны ескертілді: Қараөткел көпіріндегі көлік қозғалысы 1 шілдеге дейін шектеледі. Бұл туралы Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ 5 маусым сағат 21:00-ден 1 шілде сағат 06:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен А.Бараев көшесі жағынан Қараөткел көпірін жартылай жауып, орташа жөндеу жұмысын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да бір жолақ бойынша іске асырылады.

Бұдан бөлек, 4-5 маусым аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысындағы жол бөлігін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бұл аумақта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағдарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді әкімдік өкілдері.

Астанада көпір арқылы өтетін көлік қозғалысы 1 шілдеге дейін жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.