Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы газбен қамтитын компанияға негізсіз табыс тапқаны үшін қомақты айыппұл салынды

Опубликовано:

Газ плитасы
Газ плитасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы газбен қамтамасыз ету компаниясына негізсіз табыс тапқаны үшін 65 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осыған байланысты мыңдаған тұтынушыға өтемақы беру мақсатында арнайы тариф енгізілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Прокуратура ақпараты бойынша, жеке компания газбен жабдықтау желілеріне қосу кезінде тұтынушылардың қаражаты есебінен инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы үстемақыны теріс пайдаланған.

"Сондай-ақ компания табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кеткені, негізсіз кіріс алғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау кезінде кәсіпкерлік субъектіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159 және 164-баптары бойынша 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар 14 мыңнан астам тұтынушының құқығын қалпына келтіру мақсатында өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111988-65-mln-tengge-aiyppul-salyndy-almatyda-gaz-kompaniiasy-lauazymyn-asyra-paidalangany-ushin-zhazaga-tartyldy/