Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" дауы: Қазақстаннан кеткен экс-студент үшін кепілгерлерден қанша қаражат талап етілген

Жарияланған күні:

судьяның балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Астана сотында "Болашақ" бағдарламасы Қазақстанда жұмыс істеуден бас тартқан бұрынғы степендиант үшін екі кепілгерден ірі сома өндіріп алмақ болған деген шағым бойынша іс қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін елорданың апелляциялық сотында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның осыдан сегіз жыл бұрын "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түскен әріптесі Валерия Гавриленкоға кепіл болған Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьеваға қатысты шағымы бойынша сот отырысы өтті.

2016 жылы стипендиат Гавриленко оқу ақысына кепілге екі пәтерін қойған, бірақ олардың сомасы жеткіліксіз болып, Дәрібаева мен Воробьеваға кепілгер болуға жүгінген.

"2016 жылы біз кепілгер болдық. Ол (Гавриленко – ред. ескертпесі) кейін шәкіртақыны жеңіп алды, "Болашақ" шарттарына сәйкес, оқудың маңыздылығын дәлелдеу үшін стипендиат осы соманың бар екенін дәлелдеу керек. Ол өзінің жылжымайтын мүлкін, яғни екі пәтерін кепілге қойды. Өкінішке қарай, жылжымайтын мүліктің жалпы сомасы өтелмеді, сол кездегі кепіл құны 20 миллион теңгеге бағаланған, ал оқудың жалпы құны 29 миллион теңге болды, ал қалған сомаға ол бізді кепілгер ретінде тартты", - деп түсіндірді Наталья Воробьева.

Оның айтуынша, олар Гавриленкомен дос болған соң, сондықтан өтінішіне келіскен.

"Ол келіп, жылап сұрады: "Қыздар, бұл — менің білім алуым үшін жалғыз мүмкіндік, бұндай мүмкіндік өмірде бір рет келеді. Мен пәтерлерімді кепілге қойдым. Туыстарым жоқ. Мен тек анамның қолында өстім. Өтінемін көмектесіңіздер, ант етемін және бәрі жақсы болады деп уәде беремін, оқыған соң, келемін, жұмыс істеймін" деді. Бірақ, 2019 жылы пәтерлерін кепілден шығарып, кетіп қалған. Ал қарыз қалған", - деді Воробьева.

Кепілгер Мақпал Дәрібаева

"Болашақтың" бізге қойған талабы негізсіз. Саясат Нұрбек айтқан келісімшартты көрмедік. Біз бұл келісім шартты жоқ деп ойлаймыз. "Болашақтың" ешқандай лауазымды тұлғалары жауапқа тартылған жоқ. Сот неге осы істі қарамайды? Әділеттілік қайда?",- деді ол.

Наталья Воробьева кепілгерлер төлеуге дайын екенін, бірақ олар істі әділ қараған жағдайда мұны істеуге келісетіндерін айтты. Ол сондай-ақ мамыр айында Гавриленконың кепілгерлермен байланысқа шыққанын, бірақ әрекеті үшін кешірім сұрамағанын айтты.

"Халықаралық бағдарламалар орталығының" өкілдері бүгін сотқа бұл дауды медиация тәртібімен шешу туралы өтініш берді. Олар рәсімге екі апта уақыт сұрады.

Олар сондай-ақ орталықтың оған қатысты шара қолданып жатқанын ескере отырып, негізгі борышкер Валерий Гавриленконы жауапқа тарту туралы өтініш берді - орталық оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз берді.

Талапкердің айтуынша, Гавриленко қазір Ұлыбританияда. Жақында ол WhatsApp арқылы хабарласқан.

Сот отырысы медиация тәртібімен кейінге қалдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112030-bolashaq-dauy-qazaqstannan-ketken-eks-student-ushin-kepilgerlerden-qansha-qarazhat-talap-etilgen/