Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зиянды газбен демалғыңыз келе ме": вице-премьер утильалым жойылса, не болатынын айтты

Опубликовано:

Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр
Роман Скляр. Видеодан кадр: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр берген сұхбатында утильалым жойылса, Қазақстанда ескі көліктер қаптап, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 20 млн тұрғынға шаққанда 5 млннан астам автомобиль бар.

Барлық кедергі, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеу алымы жойылса, елімізге ескі көліктер көптеп жеткізілуі мүмкін, салдарынан экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал.

"Адамдардан "Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиянды газбен демалғыңыз келе ме?" деп сұрау керек. Барлық пікір ескерілуі қажет. Сондай-ақ біздің зауыттарға барып, онда жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуге кеңес берер едім. Кәсіпорындарда локализация өте жоғары, оның ішінде бұл ауылшаруашылық техникасына қатысты: барлық қондырма, тіркеме жабдықтары, кабиналар дәнекерлеу, бояу, кесу, иілдіру бойынша техникалық операциялар жүзеге асырылады. Біздің басты міндетіміз — локализацияны арттыруға ұмтылу. Үкіметтің қазіргі алға қойған мақсаты – елімізге мүмкіндігінше көп пайда әкелу үшін ілеспе өндірістерді құру. Өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды. Осы жаңа көліктерді сатып алғандар утилизациялық алым төлеген жоқ. Біз әрбір азамат өсу бенефициары болып табылатын өз өндірісіміз бен өнеркәсібіміздің дамуын ынталандырамыз", - деді Роман Скляр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112072-ziiandy-gazben-demalgyngyz-kele-me-vitse-premer-utilalym-zhoiylsa-ne-bolatynyn-aitty/