Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу": Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Elena Zaretskaya / Getty Images

Бас прокуратура елімізде ведомство басшылығының фотосы бар жалған аккаунттар мен хабарламалар көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құру және алаяқтық әрекеттер белгілері бар хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады.

Ведомство өкілдері осыған ұқсас қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде мұндай деректер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112090-bas-prokuratura-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/