Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полицейлердің ұрланған көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Күдіктінің ізінен қуу сәті
Күдіктінің ізінен қуу сәті. Видеодан кадр: instagram.com/baurzhan__alenov

Алматы облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған көліктің ізінен қуып, күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің басшысына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында ұрланған көліктің ізінен қуу сәтінің видеосын жариялады.

Оның айтуынша, 28 мамырда Жалпақсай ауылының 76 жастағы тұрғыны Қарасай аудандық полиция басқармасына Toyota Camry маркалы автокөлігін айдап әкеткенін айтып, арызданған. Күдікті көлікті түннің бір уақытында ұрлап кеткені анықталды.

"Полицейлер дереу іздестіру шараларына кірісіп, өңірдің барлық қызметтері мен көршілес департаменттерге автокөлікті және айдап әкету жағдайларын егжей-тегжейлі сипаттайтын бағдарлар жіберді. Ұрланған көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңір автожолдарының бірінде байқап, ұстай алды. Ұрланған көлікті 27 жастағы Қаскелең тұрғыны басқарғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Ведомство басшысының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда көлікті айдап әкету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамның аймақтағы ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112108-almaty-oblysynda-politseilerding-urlangan-kolikti-qugan-sati-videoga-tusip-qaldy/