Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды

Опубликовано:

Қаржылық мониторинг агенттігі құжаттары
Қаржылық мониторинг агенттігі құжаттары. Фото: ҚМА

Шымкентте ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін 5 жылға сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

"Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112114-qma-qyzmetkeri-memlekettik-qupiialardy-zhariia-etkeni-ushin-sottaldy/