Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция полковнигі ұлына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды: Жоғарғы сот істің мән-жайын жариялады

Опубликовано:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күші неліктен жойылғаны белгілі болды – Қылмыстық-процессуалдық заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстанның Жоғарғы сотының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша БҚО ПД басшысы орынбасарының ұлына қатысты қылмыстық істі қарады.

Ведомство дерегінше, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алқабилердің үкімі негізінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5) тармақтарымен психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айып бойынша сотталушы ақталған болатын.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделей келе, сотталушыға қатысты соттың ақтау үкімін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.

"Оған Алқабилер үкім шығарған және оларға қойылған сұрақтарды тұжырымдаған кездегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтар негіз болды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112165-politsiia-polkovnigi-ulyna-qatysty-aqtau-ukimining-kushi-zhoiyldy-zhogargy-sot-isting-man-zhaiyn-zhariialady/