Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыра ұстап, көлік айдаған": полиция формасын киген алматылық ұсталды

Опубликовано:

Полиция формасын киген ұсталған ер адам
Полиция формасын киген ұсталған ер адам. Көрнекі фото: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны полицей формасын киіп, көлік тізгінінде жол ережесін бұзғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде полиция формасын киген белгісіз ер адамның заң бұзушылық жасағаны түсірілген фотолары мен видеолары пайда болды. EGOV.PRESS Telegram арнасында күдіктінің фото, видеосы қоса берілген жазба жарияланды.

"Әлеуметтік желіде ол көлігінің ішінде сыра ұстап, қауіпсіздік белбеуін тақпай көлік айдағаны, мүгедектерге арналған тұраққа тоқтағаны және қатты жылдамдықпен көлік жүргізгені жарияланған", - деп жазды жазба авторлары.

Алматы полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне видеодағы ер адамның полицияға еш қатысы жоғын айтты.

"Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп, бұл азаматтың полицияға еш қатысы жоғы анықталды: ол ешқашан полиция бөлімінде қызмет етпеген. Ол ұсталды.

Фигурант полиция формасын заңсыз пайдаланғаны және бірқатар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112201-syra-ustap-kolik-aidagan-politsiia-formasyn-kigen-almatylyq-ustaldy/