Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кездесуге ниетті": Тоқаев Таяу Шығыстағы елдердің бірінің басшысына телефон соқты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Катар әмірі
Қасым-Жомарт Тоқаев және Катар әмірі. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZNURKZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды", - деп хабарлайды Ақорда.

️Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатардың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.

2024 жылдың ақпан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Катарға келгені туралы хабарланған болатын. Ал осы жылдың қаңтар айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан мен Катар арасындағы келісім аясында осы елдегі қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруды реттеуге ниетті екені белгілі болды.

Өткен жылдың қазан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен сөйлескені хабарланған болатын. Ол кезде мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйіне көңілдері толатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112267-kezdesuge-nietti-toqaev-taiau-shygystagy-elderding-birining-basshysyna-telefon-soqty/