jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанадағы орталық көшелердің бір бөлігі бірнеше күнге толығымен жабылады

Елорда
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Елордалықтарға Сарайшық көшесінің "Бәйтерек" монументі жанындағы бөлігі толығымен жабылатыны ескертілді, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылғы 7 маусымы сағат 21:00-ден 11 маусымы сағат 06: 00-ге дейін Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сарайшық көшесі бойынша жол жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Жөндеу кезінде Сарайшық – Тұран қиылысы ашық, ал Сарайшық Түркістан қиылысы жабық болады.

Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағытты алдын ала жоспарлау керек екенін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.