Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Міндетті екпе және бетперде: биыл қажылыққа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар нені білуі керек

Опубликовано:

Қағда маңына жиналған адамдар
Мекке қаласы. Көрнекі фото: Рexels.com

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі биыл қажылық парызын өтеуді жоспарлағандарға міндетті екпелердің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің салалық министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі қажылыққа барушыларға арналған нұсқаулық жариялады.

Нұсқаулықтағы ақпаратқа сәйкес қажылық парызын өтеуді жоспарлағандарға мына екпелерді салдыру міндеттеледі:

  • менингококкты менингит екпесін;
  • полиомиелит екпесін;
  • сары безгек екпесін.

Міндетті екпелерден бөлек Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі қажыларға коронавирус пен маусымдық тұмауға қарсы екпе алуды ұсынады.

Созылмалы аурулары бар адамдарға қажетті анықтамалар мен түпнұсқа қаптамасына салынған дәрі-дәрмектерін бірге алып жүру ұсынылады.

Сонымен қатар қажылық парызын өтеуге ниет білдіргендерге дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, қызылша, желшешек және эпидемиялық паротит сияқты ауруларға қарсы екпе алғаны туралы мәліметтерді жаңарту ұсынылады.

Бұған қоса мынандай кеңестер берілген:

  • Қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сұйықтықпен жуған жөн, әсіресе жөтеліп, түшкіргеннен кейін, дәретханаға барғаннан соң, тамақ жер алдында, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
  • жөтелгенде немесе түшкіргенде бір рет қолданылатын майлықтарды қолданыңыз және пайдаланылған майлықтарды қоқыс жәшіктеріне тастаңыз;
  • адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағыңыз;
  • жеке заттарыңызды басқаларға бермеңіз;
  • пастерленбеген сүтті ішпеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112399-mindetti-ekpe-zhane-betperde-biyl-qazhylyqqa-barudy-zhosparlap-otyrgan-qazaqstandyqtar-neni-bilui-kerek/