Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 трлн теңге: Бас прокуратура күмән тудыратын транзакцияларды тексеріп жатыр

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура өкілдері мемлекет пайдасына 375 млрд теңгеден асатын активтер қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы орган қазіргі уақытта елдегі бір мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтер талданып жатқанын хабарлады.

"Бұған қоса тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Осы жұмыстың нәтижесінде премьер-министрдің басшылығымен комиссия 325 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талап қоюларды мақұлдады, оның ішінде 272 млрд теңге теңгеріміндегі ақшалай қаражат қайтарылған.

Ведомство мәліметінше, қаражат маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталады.

"Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке берілді. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар.

Бұдан басқа, тізілімнің кейбір субъектілері өз еркімен жалпы құны 30 млрд теңге болатын жоғары технологиялық инвестжобаларды іске асыруға міндеттеме алды. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және т.б. өнімдерді шығаратын өндіріс объектілері. Осылайша, кемінде 300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, жылдық салық төлемдері 1 млрд теңгеден астам болуға тиіс", - деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.

Бас прокуратура ақпараты бойынша, активтерді қайтару процесінің тағы бір маңызды бөлігі — әлеуметтік жобаларды іске асыру. Мәселен, Тізілімдегі тұлғалар өз еркімен қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқа да әлеуметтік осал топтар тегін пайдалана алатын, құны 5 млрд теңгеден асатын заманауи мәдени-ағарту орталығын салынуға міндеттеме алды.

Бас прокуратура өкілдері бұған қоса 11 млн АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ 400 млн теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі қабылданып, күшіне енгенін атап өтті.

Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылған.

Құзырлы орган өкілдері бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112426-2-trln-tengge-bas-prokuratura-kumandi-tranzaktsiialardy-tekserip-zhatyr/