Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалалық ветеринариялық қызмет директоры сотталды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қалалық ветеринариялық қызметтің бұрынғы директоры мен осы мекеменің мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотқа тартылды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға үкім шығарды.

"Олар жануарлар обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сотталушылар жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112444-almatyda-qalalyq-veterinariialyq-qyzmet-direktory-sottaldy/