Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде кәмелеттік жасқа толмаған бала жоғалып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында 4 маусымда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, 13 жастағы Жетіру Кәрім Рустамұлы 4 маусымда сағат 17:40 шамасында Ақтөбе қаласы Заречный 1 ауылы Телефонный көшесіндегі үйінен шығып кетіп, оралмаған.

"Қазіргі уақытта полиция мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Полицейлер баланы көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112465-aqtobe-qalasynda-zhasospirim-izdestirilip-zhatyr/