Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Храпунов заңсыз берген 3 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Храпунов1
Виктор Храпунов. Фото: facebook.com/Виктор Храпунов

Алматыда құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешені мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы қаласының прокуратурасы құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекет теңгеріміне қайтаруға қол жеткізді", - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Өткен жылғы 27 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырған. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Прокуратура мәліметінше, ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

"Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік қала әкімінің қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда", - делінген прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112582-almatyda-hrapunov-zangsyz-bergen-3-mlrd-tenggening-mulki-memleketke-qaitaryldy/