Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табысын халықпен бөлісуі керек": Маңғыстау облысы әкімі өңірде тіркелген ірі компанияларға үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Нұрдәулет Қилыбай
Нұрдәулет Қилыбай. Фото: t.me/aqorda_resmi

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстауда тіркелген жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді дамытудағы міндеттемелері талқыланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, облыс бойынша жер қойнауын пайдаланушы 208 компания бар. Олардың ішінде кең таралған пайдалы қазбалармен айналысатын компаниялар саны 152 болса, 56 мұнай компаниясы тіркелген.

"Бұл мекемелердің өсуіне, дамуына ешқандай қарсылығымыз жоқ. Өссін, байысын. Бірақ, біздің Маңғыстауда жұмыс жасап жатыр екен демеушілік жағынан болсын халықпен бөліссін. Барлығын бірдей бюджетке іліп қоя беруге болмайды. Ірі, шетелдік үлесі бар мекемелер де халықпен аз да боласа табысын бөлісу керек. Әкімшілік тараптан көмек болса, көмектесеміз", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекованың айтуынша, өңірдегі екі мұнай компаниясымен ғана өнімді бөлу туралы келісім (СРП) бар.

"NСОС компаниясының әлеуметтік міндеттемесінің жылдық көлемі – 25 млн доллар. Олар облыс бойынша әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын жүргізеді. Соңғы 3 жылда 5 нысан тапсырды. Ал Дунга мекемесінің әлеуметтік міндеттемелердің жылдық көлемі – 1 млн доллар. Компанияның мүмкіндігіне қарай әлеуметтік міндеттемелердің бағыты ол –құрал-жабдықтарды сатып алу және жеткізу. Соңғы 3 жылда 5 денсаулық сақтау ұйымына 30 бірлік аппарат тапсырылды. Жалпы осы компанияның әлеуметтік міндеттемелерінің жылдық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар", - деді Марина Альбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112603-tabysyn-halyqpen-bolisui-kerek-manggystau-oblysy-akimi-ongirde-tirkelgen-iri-kompaniialarga-undeu-zhasady-video/