Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қоқыс тастауға шығып, хабарсыз кеткен студент қыз табылды

Опубликовано:

Қыз балалардың аяқтары
Орындықта отырған қыз балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Полицейлер мен еріктілер 1 маусымнан бері іздестіріп жатқан көкшетаулық 16 жастағы колледж студенті жатақханаға оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған қыз кеше, 4 маусымда кешкі сағат 22:30 шамасында жатақханаға оралған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайды анықтап жатыр.

"Алдын ала болжам бойынша, қыз Астанада болған", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Қызға қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды, алайда полиция бөлімшесі кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілге қатысты әкімшілік хаттама толтырды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112672-kokshetauda-qoqys-tastauga-shygyp-habarsyz-ketken-student-qyz-tabyldy/