jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Әкімдік Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгеге дейін өскенін мәлімдеді

    Жұмыс орны
    Жұмыс орны. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

    Қала әкімдігі Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

    Биыл сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7 пайыздан 9,1 пайызға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8 пайызға дейін баяулайды деп болжанып отыр.

    "Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61 пайызы тұрақты. Бұл ретте қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7 пайызға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

    Әкімдік мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңге (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4 пайызға, нақты мәнде 6 пайызға өскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.