Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жердің бәрі батпақ": Павлодар облысында Ертіс тасығаннан кейін бау-бақша су астында қалды

Опубликовано:

Кенжекөл ауылындағы су басқан бау-бақшалар
Кенжекөл ауылы. Фото: irbistv.kz

Дамбыны бұзып өткен су Кенжекөл ауылы тұрғындарының бау-бақшасын шайып кетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, биыл құм бөгеті салынған болатын, бірақ салдарынан жағдай одан сайын нашарлаған, деп хабарлайды "Ирбис TV".

Көктемде Кенжекөлдегі бөгет нығайтылған еді, бірақ бұл су тасқыны салдарын жоюға көмектескен жоқ. Ауыл тұрғындары құм бөгеті бүтін болғанымен, астынан су өтіп кеткенін айтты. Салдарынан ауыл шетінде орналасқан үйлердің бау-бақшаларын су басқан.

"Ертістегі су тасқынынан кейін, бөгеттен соң жерасты сулары біздің учаскелерімізге кіріп кеткен. Бөгет салу кезінде су келсе, ағызып жіберу үшін әкімдіктен талай рет құбыр орнатуды сұраған едік. Әкімдікке талай жүгінген болатынбыз, міне, төртінші апта болды. Олар бізге бірде уәде берсе, бірде ақша жоқ дейді. Қысқасы, бізге ештеңе жоқ", - деді Кенжекөл тұрғыны Раиса Дмитриева.

"Су деңгейі көтерілген кезде оны бірден ағызып жіберу үшін жер астынан қазып, шлюзға ұқсас қондырғы орнатқан жөн сияқты. Осылайша құбырларды көміп, ашқан кезде су кейін қарай ағып кетуші еді. Бау-бақшаға қашан дән егемін енді? Жартысын отырғыздым, 1/3 бөлігі, қалғаны батпақ", - дейді ауыл тұрғыны Валентин Никитин.

Жергілікті әкімдік аталған мәселеден хабардар. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, күні кеше су ағызатын шұңқыр жасау жоспарланып, арнайы техникаға тапсырыс берілген. Алайда көліктер жолдан өте алмаған – жер алқаптары әлі толық кеппеген.

"Бүгінгі таңда бізге Әбдіков көшесіндегі №1 үйдің тұрғыны жүгініп, су дала мен шабындыққа қарай ағып кетуі үшін дамбының астынан су өткелін қазып беруін сұрады. Біз бұл жұмыстарды атқару үшін арнайы техника, мини-экскаватор күтіп отырмыз", - деді Кенжекөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Әсет Баязитов.

Ауыл әкімдігінің өкілдері су тасқынына жерасты сулары себеп болғанын мәлімдеді. Кенжекөл ауылының шетінде орналасқан тұрғын үйлер жазық жерде салынғандықтан, бұл жерде ылғал жиналып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112684-zherding-bari-batpaq-pavlodar-oblysynda-ertis-tasygannan-keiin-bau-baqsha-su-astynda-qaldy/