Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бизнесменді пара беруге көндірген шенеунік сотталды

Опубликовано:

Сот
Сот. Көрнекі сурет: boonchai wedmakawand/Getty Images

Атырауда бизнесменді пара беруге көндірген шенеунік сотталды. Бұл іс Атырау қаласының N2 сотында қаралып, үкім шықты, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы ЖШС директорын (оған қатысты қылмыстық іс тіркелген) лауазымды тұлғаға пара беруге көндірген. Оны алдап, апатты жағдайды арнайы тексеру комиссиясының актісін ақылы негізде өзгертуге болатынын айтқан", - делінген сот хабарында.

Сотталушы аталған мәселені оң шешкені үшін ЖШС директорынан 6 млн теңге алған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, жеке тінту хаттамасымен, сот бейне-фонографиялық және сот-психологиялық-филологиялық сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінің санкциясында параның 30-дан 40 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармағының санкциясы бойынша ұрланған мүліктің 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған.

Тәуелді жас балалардың болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар жоқ.

"Қылмыстық кодекстің 55-бабына сәйкес, жеңілдететін жағдайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасағанда жазаның негізгі түрінің мерзімі санкцияда көзделген жазаның ең жоғары мерзімінің 2/3 бөлігінен аспауы керек, яғни 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарында.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112741-atyrauda-biznesmendi-para-beruge-kondirgen-sheneunik-sottaldy/