Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-дағы шошқа фермасында болған жазатайым оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы шошқа фермасының аумағында қайғылы жағдайда қаза тапқан төрт жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл қаңтарда басталған істі қарау барысында "ЕМС agro" ЖШС Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Артем Музыка мен кәріздік тазарту құрылыстарының басшысы Роман Ахметжанов Қылмыстық кодекстің 156-бабы ("Еңбек қауіпсіздігінің ержелерін бұзу") бойынша айыпталған еді.

Сот процесі аяқталып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық соты Роман Ахметжанов пен Артем Музыканы Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша кінәсіз деп танып, олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмағанын мәлімдеді. Олар ақталды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, былтыр 1 тамызда "ЕМС Агро" ЖШС шошқа фермасында қайғылы оқиға орын алған болатын. Құдықты тазалау кезінде 4 жұмысшы қаза тапты. Артынша компания қаза болғандардың отбасыларына моральдық және материалдық көмек көрсетті.

ЖШС қаражаты есебінен жақындарының тілегі бойынша жерлеу рәсімдері ұйымдастырылып, жалпы сомасы 60 млн теңгеге жеке жәрдемақы тағайындалып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес марқұмның отбасы мүшелерінің пайдасына сақтандыру төлемдері жүргізілген. Серіктестік мәлімдемесіне сәйкес, арнайы комиссия ұсынған еңбек заңнамасына қатысты олқылықтарды жою шаралары белгіленген мерзімде толық орындалды. Төтенше жағдайдан кейін компания басшылығын ауыстырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112900-sqo-dagy-shoshqa-fermasynda-bolgan-zhazataiym-oqigaga-qatysty-sot-ukimi-shyqty/