Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада автобус әйнегін сындырған тұрғын жауапқа тартылды

Опубликовано:

Сынған әйнек
Сынған әйнек. Көрнекі фото: pixabay.com

Автобус әйнегін сындырған астаналыққа 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана соттарының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық соттың мәліметінше, 5 маусымда Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкіне залал келтіру дерегі бойынша сотталушыға қатысты істі қарады.

Ведомство ақпараты бойынша 4 маусымда айыпталушы "Азия Парк" СО жанында №32 автобустың әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірген. Алайда айыпталушы неліктен бұл әрекетке барғаны хабарланбады.

"Сот отырысында З.-ның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, процеске қатысушылардың айғақтарымен, полиция инспекторының баянатымен және құқық бұзушылық орын алған жерден түсірілген бейнежазбамен расталды", - делінген хабарламада.

Судья сотталушы кінәсін мойындағанын, ауыр зардаптардың болмауын әрі құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен сотталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, ведомство мәліметіне сүйенсек, аталған баптың санкциясына сәйкес, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112912-astanada-avtobus-ainegin-syndyrgan-turgyn-zhauapqa-tartyldy/