Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз өзіне бәрі жабылған": Ақтауда медициналық колледж маңында төбелес болды (видео)

Опубликовано:

Ақтауда болған төбелес
Ақтауда болған төбелес. Видеодан кадр: lada.kz

Әлеуметтік желіде Ақтауда жастардың төбелескен сәті түсіп қалған видео тарап жатыр. Бұл жайтқа полиция өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, видеодағы кадрларға қарағанда, жанжал бастапқыда екі жігіт арасында басталған. Сәлден кейін шетте тұрған басқа жігіттер де біреуіне жұдырық ала жүгіреді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті өкілдері журналистерге оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, төбелеске қатысушылар ұсталып, Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді", - делінген құқық қорғау органының хабарламасында.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске салсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес бұзақылық – яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу.

Ол 2000 АЕК-ке (7,4 млн теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дәл сол іс-әрекет, егер оны:

  • адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;
  • билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
  • бiрнеше рет жасалса;
  • әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, теміржол көлігінде жасалса,

5000 АЕК-ке (18,4 млн) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113005-zhalgyz-ozine-bari-zhabylgan-aqtauda-meditsinalyq-kolledzh-mangynda-tobeles-boldy-video/