Алматыда Спорт басқармасының қызметкерлері 56 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Алматы қаласы спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Олар іс жүзінде еңбек қызметін іске асырмаған адамдарға жалақы есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді.
Тергеу жалғасуда", - делінген ведомство хабарламасында
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113086-almatyda-sport-basqarmasynyng-qyzmetkerleri-56-mln-tenggeden-astam-qarzhyny-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/