Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды

Опубликовано:

Тұрғын үй
Тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімдігі пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты. Бүгінде тізімде 45 тұрғын үй кешені бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, тізімге құрылысқа рұқсат құжаттары толық емес немесе басқа да бұзушылықтармен салынып жатқан тұрғын үй кешендері енгізілген.

Бұдан бөлек, құрылыс жұмыстары басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар да тізімге кірген.

Қала құрылысын бақылау департаментінің мәліметінше, мұндай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған.

"Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын +7 705 89 66 00 нөмеріндегі WhatsApp-арнамызға жазып, тұрғын үй кешеніне құжаттардың толық пакеті бар екеніне көз жеткізуге кеңес береміз", - дейді ведомство өкілдері.

Пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланған.

Алатау ауданы

1. "Питтсбург" ТК, "Дархан" шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24

2. "ORDA CITY" КПТҮ, Теректі шағын ауданы, Айналмалы көшесі, 183 уч.

3. "Dostar Deluxe" КПТҮ, Мәдениет шағын ауданы, 185/8

Алмалы ауданы

  1. "Auezov Apartaments" ТК, Қарасай батыр көшесі, 183/19
  2. "Tole BI Residence" ТК, Аносов көшесі, 103 "Б"
  3. Наурызбай ауданы
  4. "Apple Park" ТК, Сейдімбек көшесі, 105/6 уч.
  5. "Люксембург» ТҮК, "Қарғалы" шағын ауданы, Қали Нәдіров көшесі, уч. 71,73,75.
  6. "Мұнартау» ТҮК, Сейдімбек көшесі, 100/2, 100/3, 100/4 уч.
  7. "Таунхаус мекенжайы: Қарағайлы шағын ауданы, 2-ші бөлімше
  8. "Sofia Village коттедж қалашығы, Қарағайлы шағын ауданы, АХХ Чапаево, уч. 1115/1
  9. "Flora ТҮК, Тастыбұлақ шағын ауданы, Таутаған көшесі, 6, 8,10 учаскесі
  10. "Lantana ТҮК, Үлкен Алматы ауылдық округі
  11. "Француз үйі» ТҮК, Қарағайлы шағын ауданы, АХХ Чапаево, уч. 426
  12. "КПТҮ Кенесары хан көшесі, 98-уч.
  13. "Қарағайлы шағын ауданы, Құралай көшесі, 37-үй мекенжайы бойынша блокталған үй
  14. "Royal Тime" ТК, Кенесары хан көшесі, 145

Бостандық ауданы

  1. "Бағанашыл" КПТҮ Мамыр бау-бақша серіктестігі, 138/2, 138/3, 138/4, 138/5 уч.
  2. "Швейцария" ТҮ, Нұрлытау ш/а., уч. 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22
  3. "Rich" клуб үйі, Мирас ш/а., 24/1, 24/2
  4. "Graff" ТК, Ремизовка ш/а, 7-көше,71,73, 75-уч.
  5. Ерменсай шағын ауданы, Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайы бойынша КПТҮ
  6. Pine Hills клуб үйі, Ерменсай шағын ауданы, 7-көше, 8/1 уч.
  7. Клуб үйі: Нұр-Алатау шағын ауданы, Қ.Тауасарұлы көшесі, үй. 71/21
  8. Асқартау шағын ауданы, Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй
  9. EVIM NOVO ТК, Қарғалы шағын ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3 үй
  10. "Баракат" ТК, "Нұр-Алатау" ш/а, Қ.Тауасарұлы к-сі, 71/5, 71/6 уч.
  11. Таунхаус мекенжайы: Ерменсай шағын ауданы, Жәңгір хан көшесі, 39, 41
  12. Клуб үйі: "Нұр-Алатау" ш/а., Баязитов к-сі, 13-уч.
  13. Клуб үйі: әл-Фараби даңғылы, 128/3 уч.
  14. Montblanc ТҮК, Ерменсай ш/а., 7-тұйық көше, 8-учаске

Медеу ауданы

  1. Sky Club House клуб үйі, Фонвизин көшесі, 28
  2. Priority клуб үйі, Жамақаев көшесі, 194
  3. ТК: Достық даңғылы 170/1
  4. Maison клуб үйі, Шашкин көшесі, 42/1
  5. Demeu Residence клуб үйі, Таулы Қырат, уч. 192
  6. Pine Hill Residence клуб үйі, ул. 2, уч. 33
  7. Alma Garden клуб үйі, 6-көше, 7-уч., 9
  8. Chelsea Club House клуб үйі, Сызғанов көшесі, 27
  9. Domino Life ТК, Жамақаев көшесі, 308
  10. Monterosa КПТҮ, Оспанов к-сі, 83/26 уч.
  11. Таунхаус: 3-көше, 12-үй
  12. Таунхаус: Оспанов көшесі, 89/10
  13. КПТҮ: Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 18.
  14. Damac House клуб үйі, Оспанов көшесі, 54
  15. Compositor клуб үйі, Жамақаев көшесі, 210

Еске сала кетейік, қыркүйекте Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялаған болатын. Кейбір тұрғын үй кешендері бойынша құжаттарда көрсетілмеген бірнеше қабатты бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілді. Қазір сот процесі жүріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113110-almatyda-pater-satyp-alu-usynylmaityn-turgyn-ui-keshenderining-tizimi-zhangartyldy/