Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен ресми тұлғамын – вице-министрмін": министр орынбасары киік ату бойынша жарияланған ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Киік
Киік. Көрнекі фото: instagram.com/minecologykz

Бүгін сенат кулуарында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстанда киіктер келтірген шығын туралы ведомство жариялаған ақпаратты күтпеген жерден жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

БАҚ өкілдері вице-министрден ведомство Қазақстан ауыл шаруашылығына киіктер келтірген шығын қалай есептейтінін сұрады. Өйткені шығын туралы мәліметтер Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтында бірнеше рет жарияланған.

Бұған дейін елімізде киіктерді ату басталуына қазақстандық шаруаларға келтірілген шығын себеп болғаны айтылған.

Бүгін Аманғали Бердалин күтпеген жерден Ауыл шаруашылығы министрлігінің мұндай шығынды есептеуге құзыреті жоғын айтты. Оның айтуынша, ведомство өкілдері шығын көлемін білмейді. Ол журналистерге "сол ақпаратты жазған адамды тауып, содан жауап алуды" ұсынды.

"Есептеген жоқпыз, бізде мұндай әдістеме жоқ. Заң аясында жұмыс істеп жатырмыз. Мен бұл туралы есеп бермегем (киіктер келтірген шығын – ред. ескертпесі). Министрліктен бұл ақпаратты кім бергенін білмеймін", - деп жауап берді Бердалин.

Журналистер Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында келтірілген залал туралы мәліметтер жазылған бірнеше жарияланымды тауып, ведомство бұл ақпаратты жарияланғанын көрсетті.

Мәселен 2023 жылғы 20 қыркүйегіндегі материалдардың бірінде "Рейдтен кейін 1 мыңнан астам ауылшаруашылық алқаптары киіктерден зардап шеккен, шығын 7,9 миллиард теңгеге бағаланды" делінген.

"Білмеймін, сайтқа біреу жазған болса, оған мен жауап бере алмаймын. Мен ресми тұлғамын —вице министрмін, сондықтан ресми ұстаным бойынша айтып отырмын. Ведомствоның мұндай әдістемені әзірлеуге құзыреті жоқ", - деді Бердалин.

Экология министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді атуға кіріспес бұрын келіссөз жүргізді ме деген сұраққа Бердалин жауап бере алмады.

"Бізде жол картасы, әрқайсының өз функциялары бар", - деп қысқа қайырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113317-men-resmi-tulgamyn-vitse-ministrmin-ministr-orynbasary-kiik-atu-boiynsha-zhariialangan-aqparatty-zhoqqa-shygardy/