"Дамыған елдерде 4-6 пән, Қазақстанда 15 пән": депутат мектеп бағдарламасын өзгертуді ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін парламент сенатының отырысында депутат Алтынбек Нұхұлы Қазақстандағы орта мектептердегі пәндер саны дамыған елдермен салыстырғанда екі есе көп екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Депутат Қазақтандағы орта білім саласында өзгерістер керектігін айтты.
"Педагогика ғылымдары академияларының ғалымдарының білім сапасы туралы зерттеулеріне сүйенсек, Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада сияқты елдерде 7-8 сыныптарда нақты ғылымдарға қатысты 4-6 пәнді оқиды. Қазақстанда 9-сыныпта 15 пән, тіпті 16 пән оқытамыз.
Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру пәндерінің саны екі жарым есе көп. "Әлемнің бірде-бір дамыған елінде мұндай шамадан тыс көп білім беру пәндері жоқ", - деді депутат.
Мысал ретінде ол Қазақстанда жеке пән ретінде оқытылатын "Химия", "Биология" және "География" пәндері Қазақстанда 578 сағат оқытылса, аталған елдерде олар "Ғылым" пәні деген жалпы атаумен бұл пәнге 324 сағат бөлінген.
"Соған қарамастан, кейінгі 15 жылда бұл елдерде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы жоғары деңгейде болып отыр, сондықтан пәндер саны аз, ал сапаға көп көңіл бөлінеді", - деді сенатор.
Сондықтан депутат еліміздегі мектеп бағдарламаларын өзгертуді ұсынды.
"Орта білім берудің сапасын арттыру үшін уақыт талабына сай білім беру мазмұнын дамытуымыз керек", - деді Алтынбек Нұхұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113359-damygan-elderde-4-6-pan-qazaqstanda-15-pan-deputat-mektep-bagdarlamasyn-ozgertudi-usyndy/