jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Дамыған елдерде 4-6 пән, Қазақстанда 15 пән": депутат мектеп бағдарламасын өзгертуді ұсынды

Кітаптар
Кітаптар. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін парламент сенатының отырысында депутат Алтынбек Нұхұлы Қазақстандағы орта мектептердегі пәндер саны дамыған елдермен салыстырғанда екі есе көп екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутат Қазақтандағы орта білім саласында өзгерістер керектігін айтты.

"Педагогика ғылымдары академияларының ғалымдарының білім сапасы туралы зерттеулеріне сүйенсек, Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада сияқты елдерде 7-8 сыныптарда нақты ғылымдарға қатысты 4-6 пәнді оқиды. Қазақстанда 9-сыныпта 15 пән, тіпті 16 пән оқытамыз.

Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру пәндерінің саны екі жарым есе көп. "Әлемнің бірде-бір дамыған елінде мұндай шамадан тыс көп білім беру пәндері жоқ", - деді депутат.

Мысал ретінде ол Қазақстанда жеке пән ретінде оқытылатын "Химия", "Биология" және "География" пәндері Қазақстанда 578 сағат оқытылса, аталған елдерде олар "Ғылым" пәні деген жалпы атаумен бұл пәнге 324 сағат бөлінген.

"Соған қарамастан, кейінгі 15 жылда бұл елдерде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы жоғары деңгейде болып отыр, сондықтан пәндер саны аз, ал сапаға көп көңіл бөлінеді", - деді сенатор.

Сондықтан депутат еліміздегі мектеп бағдарламаларын өзгертуді ұсынды.

"Орта білім берудің сапасын арттыру үшін уақыт талабына сай білім беру мазмұнын дамытуымыз керек", - деді Алтынбек Нұхұлы.

"Дамыған елдерде 4-6 пән, Қазақстанда 15 пән": депутат мектеп бағдарламасын өзгертуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.