Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Алматыдағы арнайы ХҚКО басшысының орынбасарына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Опубликовано:

Жүргізуші куәлігі
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Антикор Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттік қазіргі уақытта жекелеген азаматтар, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерін шешуге тырысып жатқанын мәлім етті.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдікке ілінді

Оның іс-әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", - деді Антикор өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "көмекшілерге" жүгінбеуге және заңнама шеңберінде мемлекеттік қызметтерді алуға кеңес береді.

Агенттік уәкілетті органдарға жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар енгізді.

Процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің жаңа редакциясында көрініс тапты.

Тіркеу іс-әрекеттері кезінде көлік құралдары иелерінің (өкілдерінің) және теориялық емтихандарды тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің жеке басын міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілді.

Автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.

Агенттіктің ұсынысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама беруді электрондық форматқа ауыстырды. Бұл қағаз тасығышта жалған анықтамалар беру мүмкіндігін болдырмайды.

"Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесінде бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.

Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайталама әрекеттердің саны – 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда – 3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде – 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113437-protsess-tikelei-efirde-korsetiledi-antikor-zhurgizushi-kualigin-alatyn-turgyndarga-undeu-zhasady/