Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "Еңбек мобильдігі орталығының" басшысына пара алу ісі бойынша сот үкімі шықты

Опубликовано:

сот үкімі
Сот балғасы және доллар купюралары. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте "Еңбек мобильдігі орталығының" басшысы мен қызметкерлеріне сот үкімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігімен/мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өз мiндеттерiн қызметiне адал қарамауы салдарынан абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет/, 366-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен/мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамның пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз іс-әрекеті үшін бірнеше рет пара алу/ айып тағылған.

Екінші айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен /мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде иеленіп алу/, 367-бабы 1-бөлігінің 4) тармағымен/ мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға теңестiрiлген адамға делдал арқылы аса ірі мөлшерде пара беру/ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамның пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз іс-әрекеті үшін бірнеше рет пара алуына көмектесу/ айып тағылған.

"Шымкент қаласы әкімдігінің "Еңбек мобильдігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бола тұра, "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында халықтың осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды нысаналы мақсатта игерілгеніне қадағалау жасамай, іс жүзінде бизнес-идеяларды іске асыруды мақсат тұтпайтын адамдарына 2023 жылғы 17 наурыздан бастап 2023 жылғы 19 қазанға дейінгі кезеңде қайтарымсыз гранттар бойынша 37 электронды шарттарға қол қойып, 37 грант алушыларға мемлекеттің 45 086 200 теңге ақша қаражатын бөліп, мемлекеттің ақшасын талан-таражға салуға жол берген", - делінген сот хабарламасында.

Екі айыпталушы бірнеше рет пара берді деп айыпталды.

Атап айтқанда, С. және комиссия мүшелері О. мен У. жоғарыда аталған 37 грант алушылардың ішінде таныстары мемлекет алдында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша міндеттерін және келісім-шарттың талаптарын орындамағандарын ұғынып, оларға қатысты тексеріс жүргізбес үшін, 2024 жылғы 11 қаңтарда Ә.-нің нұсқауы бойынша әл-Фараби ауданы бойынша мансап орталығының басшысы О.-ның жұмыс орнына барып, оған ақ түсті конвертке салынған С.-ның 125 000 теңгесін, У.-ның 25 000 теңгесін, О.-ның 50 000 теңгесін, жалпы 200 000 теңгені пара ретінде Ә.-ке берген, ал Ә. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, О., С. және У.-ның пайдасына заңсыз әрекеттері үшін бірнеше рет пара алған.

Еңбек мобильдігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 16 233 333 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Қалған айыпталушылар 367-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 750 000 теңге, оған 1 875 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды, 375 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113455-shymkentte-engbek-mobildigi-ortalygynyng-basshysyna-para-alu-isi-boiynsha-sot-ukimi-shyqty/