Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросындағы ұрлық дерегі бойынша жаңа сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

Алматы метросы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бас көлік прокуратурасы Алматы метросындағы ұрлық дерегі бойынша жаңа сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалау органы квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастырып жатыр.

"Тексеріс қорытындысы бойынша "Метрополитен" КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 млн теңгеге көтерілген бағамен сатып алған", - делінген хабарда.

Бұл тұжырымды метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кінәсіз болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113515-almaty-metrosyndagy-urlyq-deregi-boiynsha-zhanga-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/