jitsu gif branding logo appbranding logo app

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Аптап ыстық
Аптап ыстық. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада 7 маусым күні таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус ыстық болады. Облыс бойынша өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз және түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 37 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

7 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады деп күтілуде.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15- 20 м/с.

7 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

5-7 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупы күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.