Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қонақжайлық деңгейін көтеруге 4 миллиард теңге бөлінді

Опубликовано:

Көлсай көлі
Көлсай көлі. Фото: NUR.KZ/Айдана Мамаева

Үкімет Қазақстанда қонақтарды қабылдау мәдениетін жақсартуға 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлді. Ақша университетке бағытталады, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бюджеттен туризмді дамытуға бөлінетін қаржының басым бөлігі Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетіне жұмсалады. Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсатында цифрландыру мен жарнамаға да біршама қаражат қарастырылған.

Саяхат және туризмді дамыту жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның индексі бойынша Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 66-дан 52-орынға көтерілген. Мақсат — рейтингте үздік елу елдің қатарына кіру. Бұл ретте шетелдіктер тарапынан елімізге деген қызығушылықтың артқанын да атап өткен жөн.

Мәселен, былтыр Қазақстанға өзге елдерден 9 жарым миллионнан аса турист келді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ел ішінде саяхаттаған қазақстандықтардың да үлесі де едәуір артты. Нәтижесінде туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері былтыр 450 млрд теңге болған.

"Былтырғы қорытынды бойынша, туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, туризмнің негізгі көрсеткіштері бойынша тарихта болмаған ең жоғары деңгейге жетті. Орналастыру орындары 229 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Туризм саласы бойынша инвестициялық әлеуетті дамытуға да баса назар аударуда. Басым аумақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша барлық аймақта әлеуеті зор орындар анықталды", - дейді туризм және спорт министрлігінің комитет төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113620-elimizde-turizm-salasynda-maman-daiarlauga-4-milliard-tengge-zhumsalmaq/