jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар үйіне күн батареяларын орнатып, электр қуатын сата алады

Күн батареялары
Күн батареялары. Фото: pixabay.com

Сенат жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды мақұлдады. Енді жеке тұлға үйін энергиямен қамтып, артылған қуатты сата алады, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Сенаторлардың сөзінше, Қазақстан 2050 жылға дейін өндіретін энергияның жартысын баламалы және жаңартылатын қуат көзіне айналдыруы керек. Қазір бұл көрсеткіш – небәрі 6 пайыз.

Сенаторлар салаға серпін беретін жаңа заңды мақұлдады. Құжатта "нетто-тұтынушы" ұғымы енгізілді. Яғни жеке тұлға үйін энергиямен қамтып, артылған қуатты сата алады. Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті емес. Мұндай жеңілдік тек жаңартылатын энергия көздерін өндірушілерге беріледі.

"Жеке тұлғалар үйінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайта алады. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау. Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе. Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғаларға, шағын бизнеске өз шығынын азайтуға мүмкіндік болсын деген бастама болатын", - дейді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Қазақстандықтар үйіне күн батареяларын орнатып, электр қуатын сата алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.