jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ экс-вице-президенті сотталды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.

"Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра, жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген Антикор хабарламасында.

Ведомство өкілдері активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.