Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт адам қаза тапты": полицейлер жүргізушілерге тағы үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізушілерге үндеу жасап, оларды көлік апатының алдын алу үшін жол ережесін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құрметті азаматтар, сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын. Полиция өкілдері жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған", - дейді жүргізушілерге үндеуінде ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

Ол жол ережесін елемеу салдарынан жолда бірнеше адам қаза тапқанын жеткізді.

"Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтауды ескерткен. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты.

Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын", - деді ІІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113785-tort-adam-qaza-tapty-politseiler-zhurgizushilerge-tagy-undeu-zhasady/