jitsu gif

Алматы көшелерінің бірінде қыркүйектің ортасына дейін көлік қозғалысы шектеледі

Жол белгілері
Жол белгілері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 8 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Жүргенов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Telegram-дағы Almaty Joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2024 жылғы 8 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Жүргенов көшесінің бойында Жангелдин көшесінен Тянь-Шань көшесіне дейін автокөлік қозғалысы екі бақытта да жабылады.

"1988 жылдан бастап пайдалануға берілген көше сегментінің астынан өтетін ұзындығы 695 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл құбыр 18 көппәтерлі тұрғын үйді, 61 жеке үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және 13 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Бұл нысандар реконструкция кезінде ыстық сумен қамтылады", - делінген хабарда.

"Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.