Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында колониядан қашып кеткен тұтқын табылды

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен тұтқын табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарағанды облысындағы түзету колониясында жазасын өтеп жатқан тұтқын мекемеге қайтарылғанын хабарлаймыз.

Оған заңға сәйкес шара қолданылады. Қылмыстық кодекстің нормаларында жазаны өтеуден жалтарғаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп мәлімдеді Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД өкілдері.

Сондай-ақ тұтқынның қашуына жол берген қызметкерлер жауапқа тартылатыны белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы түзету колониясында жазасын өтеп жатқан ер адамның жұмыс орнынан оралмағаны, колонияға келмегені хабарланған еді.

"Қашу фактісі бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде оның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлаған еді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113809-qaragandy-oblysynda-koloniiadan-qashyp-ketken-tutqyn-tabyldy/