Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Павлодарда қарақшылық шабуыл жасаған": Грозный қаласында 25 жыл жасырынған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ер адамды қамауға алу сәті
Ұсталған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарлық полицейлер осыдан ширек ғасыр бұрын жасалған қарақшылық шабуылға күдікті ер адамды анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қылмыс 1998 жылдың жаз мезгілінде Павлодарда жасалған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол 1998 жылы тамызда Павлодар қаласында тапанша мен балта қолданып, ағайынды жігіттерге қарақшылық шабуыл жасады әрі Nissan автокөлігін иемденді деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113842-pavlodarda-qaraqshylyq-shabuyl-zhasagan-groznyi-qalasynda-25-zhyl-zhasyryngan-er-adam-ustaldy/