Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған": қазақстандық әйел 6 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Опубликовано:

Тәркіленген ақша
Тәркіленген ақша. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген тұрғын 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңге болған, әйел оның жартысын алған кезде ұсталған.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодестің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113869-ozin-uqk-qyzmetkeri-retinde-tanystyrgan-qazaqstandyq-aiel-6-mln-tengge-alyp-zhatqan-zherinen-ustaldy-video/